Баспасөз релизі

  • 04.02.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 309

"Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" РММ 2024 жылдың 05-15 ақпан аралығында өткізілетін іс-шараларды жоспарлау туралы хабарлайды.

2024 жылдың 2024 жылғы 05-15 ақпан аралығында оңалту орталықтары мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің психологтары мен дефектологтары үшін «Д. Айрестің сенсорлық интеграциясы. Сенсорлық-интегративті тәсіл негізінде мүмкіндіктері шектеулі балалармен дамыту жұмысы» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда.

          Курстардың мақсаты – сенсорлық интеграцияны пайдалана отырып, сапалы практика үшін заманауи халықаралық кірігу стратегиялары негізінде педагогтардың кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру және мүмкіндіктері шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық көмекті тиімді түрде көрсету үшін арнайы білім беру ұйымдары педагогтарының педагогикалық практикасына сенсорлық-интегративті тәсілді енгізу болып табылады

Қойылған мақсатты шешу үшін мынадай мәселелер қарастырылатын болады:

  1) тыңдаушыларда «Д. Айрестің сенсорлық интеграциясы» мен балаларға көмек көрсету кезінде сенсорлық-интегративті тәсілді қолдану саласындағы заманауи зерттеулер туралы ұғым қалыптастыру және оны дамыту;

  2) курсанттарда баланың дамуы барысында сенсорлық интеграцияның мәні, біздің денемізден туындайтын сезімдердің байланысы және зият пен сөйлеу тілін дамыту туралы ұғымды қалыптастыру;

  3) бағалау негізінде кірігуді жоспарлау қабілетін дамыту, кірігудің мақсаттарын анықтай білу;

  4) клиникалық ойлауды қалыптастыруға ықпал ету

Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар мыналарға үйренеді:

1) баланың мінез-құлығындағы сенсорлық интеграцияның бұзылу белгілері және сенсорлық ақпарат үдерістерінің бұзылыстарының жіктемесі туралы түсінік алады;

2) сенсорлық интеграцияға негізделген қолданбалы әдістерді (ойын мен жаттығулар) меңгереді және оларды балалармен жұмыста қолдана алады

3) балалар белсенділігінің түрлерін таңдап, оның дамуына ықпалдасады.