Арнайы сыныптарды ашу бойынша жобаны талқылау туралы кездесу
2024 жылдың 2 ақпан күні Алматы қаласы Әуезов ауданының №116 жалпы білім беретін мектебінде арнайы сыныптарды ашу бойынша жобасын талқылау туралы кездесу өтті.
АИБД ҰҒПО директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары және директорының м.а. А. Байтурсынова, ресурстық орталықтың меңгерушісі Е. Егорова және әдіснама және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің әдіскері Г. Дербисалова жобаның тұжырымдамасымен, сонымен бірге мектепте орналасқан ресурстық орталықтың құжаттарымен танысты.