«Инклюзивті білім беру саласында жұмыс атқару үшін мамандарды даярлау мәселелерін талқылау» дөңгелек үстелі
Бүгін «SPECIAL WAY (Ерекше жол)» жобасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Инклюзивті білім беру саласында жұмыс атқару үшін мамандарды даярлау мәселелерін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға педагогикалық жоғары оқу орындарының, колледждердің, Қазақстанның барлық өңірлерінің Білім басқармаларының мамандары, сарапшылар, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, ҚР парламенті сенатының депутаттары қатысты.
Келесі сұрақтар талқыланды:
1. Педагогикалық жоғары оқу орындарында, колледждерде инклюзивті білім беру бойынша бар мамандықтар саны.
2. Инклюзивті білім беру мамандықтарының тапшылығы. Осы тапшылықты азайту жолдары.
3. Жас мамандардың инклюзивті білім беру саласында жұмыс істегісі келмеуінің негізгі себептері.
4. Бүгінгі таңда түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелерінде педагогикалық жоғары оқу орындарының, колледждердің негізгі жұмыс берушілермен (мектептер, балабақшалар, түзету орталықтары және т.б.) өзара іс-әрекеттестік алгоритмі бар ма?
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша «SPECIAL WAY (Ерекше жол)» жобасының «Жол картасына» кіретін осы мәселе бойынша ұсыныстар әзірленді.