АИБД ҰҒПО мамандарының ата аналармен ақпараттық кездесуі
2024 жылдың 13 ақпанында «Инклюзивті білім беру жағдайында зиятында бұзылыстары бар балаларды қосу моделі (арнайы сыныптарды ұйымдастыру)» жобасы аясында Алматы қаласы №116 ЖББМ КММ базасында ата-аналармен ақпараттық кездесу өтті.
АИБД ҰҒПО мамандары ата-аналарды жоба тұжырымдамасымен таныстырып, жобаның мақсаты мен практикалық маңыздылығы туралы айтып берді.