Арнайы білім беру ұйымдарының арнайы педагогтары мен психологтарына арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды
2024 жылдың 15 ақпанында «Д.Айрестің сенсорлық интеграциясы. Сенсорлық-интегративті тәсіл негізінде мүмкіндігі шектеулі балалармен дамыту жұмысы» атты арнайы білім беру ұйымдарының арнайы педагогтары мен психологтарына арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Оқытушылар арнайы білім беру мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілеріндегі енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды көрсетіп, курстың басым бағыттарын анықтады. Тыңдаушылардың «Дж. Айрестің сенсорлық интеграциясы» тұжырымдамасы туралы және мүмкіндіктері шектеулі балаларға көмек көрсетуде сенсорлық-интегративті тәсілді қолдану саласындағы заманауи зерттеулердің түсінігін қалыптастырып, дамытты.
Белгілі бір маман үшін нақты және өзекті практикалық мәселелерді шешуге және контекстік кәсіби қиындықтарды жеңуге көмек көрсетілді.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен түзете-дамыту жұмыстарында сенсорлық-интегративті тәсілді қолдану мүмкіндіктері талқыланады.