АИБД ҰҒПО мамандары мен арнайы педагогтердің қатысуымен педагогикалық диагностика жүргізу тәртібін талқылау бойынша кездесу

  • 20.02.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 130

2024 жылдың 20 ақпан күні «Инклюзивті білім беру жағдайында зиятында бұзылысы бар балаларды қосу моделін әзірлеу» пилоттық жобасы аясында АИБД ҰҒПО мамандары мен Алматы қаласының №116 жалпы білім беру мектебінің арнайы педагогтерімен кездесу өтті. 
 
♻️Кездесу барысында жеке оқу бағдарламасын құру үшін зиятында бұзылысы бар оқушылардың білім деңгейін анықтауға арналған педагогикалық диагностика жүргізу тәртібі талқыланды. Сондай-ақ әр пән бойынша балалардың біліміндегі актуалды деңгейін анықтауда жетістік карталарын толтыру реттілігі көрсетілді. 
 
✅Жиын соңында ұстаздар өз ұсыныстарын айтып, негізгі мәселелер назарға алынды.