АИБД ҰҒПО мамандары психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарымен кездесті
2024 жылдың 27 ақпанында Алматы қаласындағы №63 орта мектебінде АИБД ҰҒПО мамандарының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарымен кездесуі өтті. Бұл іс-шараның мақсаты инклюзивті білім беру ортасына зиятында бұзылыстары бар балаларды қосу моделін әзірлеу бойынша пилоттық жобаны ұсыну болды.
Іс-шара барысында мектепте ерекше білім беруді қажет ететін 8 бала арнайы сыныпқа іріктелді, оның ішінде зиятында бұзылыстары балалар бар. Аталған жоба бойынша алдағы жұмыс жоспары талқыланды.