ПМПК әлеуметтік педагогының ата-аналарға арналған ұсыныстары:

  • 05.03.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 139

Құрметті ата-аналар, баланың күн тәртібі болған кезде, күнді жоспарлау оңайырақ болады. Күн тәртібін сақтау - дұрыс әлеуметтік әдеттерді қалыптастырудың негізгі базасы. 
 
Ендеше
 
Күн тәртібін қалай ұйымдастыруға болады?
 
Балаңызбен шамамен бір уақытта ойнаңыз, тамақтандырыңыз, серуендеңіз.
Ұйықтау үшін баланың сүйікті жұмсақ ойыншығын немесе сүйікті тыныштандыратын әуен қолданыңыз (баланың ұйықтағысы келгенде, нені жақсы көретінін байқаңыз және соны қолданыңыз).
Баланың ояу болу кезеңі қанық әрі қызық болуы керек: әртүрлі ойындар, кітап оқу, мультфильм көру, ашық ауада серуендеу. 
Жарықты қадағалауға тырысыңыз, ұйқы кезінде жарықты өшіріңіз, түнде перделерді жабыңыз.
 
Ақпарат пайдалы болса лүпіл басып, пікір қалдыруды ұмытпаңыз!