Ата-аналарға арналған ұсыныстар

  • 06.03.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 156

ПМПК әлеуметтік педагогының ата-аналарға арналған ұсыныстары:
✅Бала туылғаннан бастап күн тәртібін қалыптастыруға тырысыңыз. Күн тәртібі – баланың қалыпты дамуының өте маңызды элементі.  Күн тәртібінсіз өссе, баланы тәртіпке үйрету қиын болады. Болашақта ол күнделікті әдеттерге: уақыт бойынша ұйықтау, серуендеуге шығу, тамақтану және уақыт бойынша ойнауға дағдыланбайды.
✅Күнделікті әдетіне айналуы үшін баланың іс-әрекеттерін нақты бір уақытта жасағанын қадағалауға тырысыңыз. Содан кейін бала белгілі бір уақытта оны тамақтандыратынын, серуендеуге шығаратынын, онымен ойнайтынын және бірге кітап оқып, мультфильм көретінін біліп, түсінетін болады. 
✅Құрметті ата-аналар, баланың күн тәртібі болған кезде, күнді жоспарлау оңайырақ болады. Күн тәртібін сақтау - дұрыс әлеуметтік әдеттерді қалыптастырудың негізгі базасы. Сондықтан баланың ырғағына мұқият болу және оның туған күнінен бастап күн тәртібін реттеу өте маңызды.
 
❗️Жалғасы келесі айдарда