Қайырлы күн, құрметті оқырмандар!

  • 07.03.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 112

Арнайы білім беру ұйымдарының логопедтеріне арналған «Жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетудің заманауи технологиялары» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
 
Оқу апталығы «Сөйлеу тіліндегі ауыр түрдегі бұзылыстары бар балаларға арналған №9 арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ базасында практикалық сабақтарға толы болды.
Дөңгелек үстелде арнайы білім беру ұйымдары қызметінің ережелері саласындағы көптеген мәселелер талқыланды. Барлық сұрақтарға толық жауаптар алынды.
 
Тыңдаушылар курстардың мазмұнын, берілген материалдың алуан түрлілігін және оның берілуін жоғары бағалады. Барлық педагогтерге алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта кәсіби қызмет аясында одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттерін білдірді.