ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 165 бұйрығы «Білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы»
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілер:
1) жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары (ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтары, отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, жасөспірімдер үйі);
2) арнайы білім беру ұйымдары (психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, оңалту орталығы, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, арнайы мектеп-интернаты);
3) арнаулы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары, сондай-ақ баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдары жатады.
Білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілердің осы тізбесі толық болып табылмайды.