Орталық мамандары конференцияға қатысты

  • 15.03.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 138

Ағымдағы жылдың 14-15 наурызында Орталық қызметкерлері "Есту қабілетінің төмендеуін уақтылы анықтаудың және мүгедектіктің алдын алудың басты шарты ретінде пәнаралық тәсіл" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Сонымен қатар педиатр дәрігерлер, неонатологтар, терапевттер, невропатологтар, оториноларингологтар, сурдологтар, жалпы практика дәрігерлері, генетиктер, сурдопедагогтар, логопедтер, медициналық ұйымдардың басшылары, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың мамандарыда белсенділік танытты.
 
Конференция бірнеше секциялық отырыстардан құралды. Мәселен,есту  функциясының бұзылуын уақытылы анықтаудағы аралас мамандықтар мамандарының рөлі, балалар мен ересектердің есту қабілетінің скринингісі. Қазақстан мен Ресей мамандары өзара диалог құрып, пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.