Жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктері
Ағымдағы жылдың 18 наурыз күні Орталықта "Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытуда "Flipped classrooms" және жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктері" атты тақырыпта семинар өтті.
Семинар барысында "Flipped classrooms" (төңкерілген сыныптар) тұжырымдамасын және жасанды интеллектті қолдануды қарастырды. Қатысушылар осы технологияның оқыту, білім беру үдерісіне жасанды интеллект енгізу, сондай-ақ сабақтарды ұйымдастыруға арналған практикалық кеңестердің артықшылықтары туралы мағлұмат алды.
Инклюзивті білім берудегі жасанды интеллект мүмкіндіктері
* Workshop: Жасанды интеллект құралдары мен ресурстары
* "Flipped classrooms" технологиясына теориялық шолу
* Жасанды интеллект және "Flipped classrooms" технологиясын қамтитын сабақ жоспарын әзірлеу.
Оқыту соңында озық тәсілдері және білім беруде инновациялық технологияларды қолдану туралы пікір алмасып, тәжірибе жинады.