РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК КОНКУРСЫНДА АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕРІ АНЫҚТАЛАДЫ
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы арнайы білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған конкурс жариялады.
Қатысушылар бес номинация бойынша сынға түседі. Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры м.а Айгүл Байтурсынованың айтуынша, дәстүрлі конкурс екі кезең бойынша өтеді, іріктеу және финал.
«Конкурсқа арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері шақырылады. Байқау педагогикалық еңбектің беделін арттырып қана қоймай, тәжірибе алмасуға, жеке тұлғаның әлеуметтік-кәсіби құзыреттілігін дамытуға және педагогтердің шеберлігіне бағытталғанын атап өтемін», — дейді Айгүл Байтурсынова.
❕Естеріңізге сала кетейік, байқау жыл сайын өткізіледі. Толық ақпаратты сілтеме арқылы сайттан алуға болады. @specialedu.kz немесе https://special-edu.kz/kz /