Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету

  • 28.03.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 125

2024 жылдың 28 наурыз күні Білім басқармалары, өңірлік әдістемелік орталықтары және кабинеттердің әдіскерлеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ЕБҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды нормативтік-құқықтық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбында онлайн форматта вебинар өтті. 
Вебинардың басты мақсаты: аймақтық әдістемелік орталықтардың, кабинеттердің әдіскерлеріне мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында арнайы және инклюзивті білім берудің  жұмысын  ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету.
Семинар спикерлері ретінде АИБД ҰҒПО директорының м.а. А.А. Байтурсынова және арнайы мектепке дейінгі білім беру зертханасының қызметкерлері қатысты.
Нормативтік-құқықтық актілер, мүмкіндігі шектеулі балалардың білім беру үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету, арнайы мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, сондай-ақ мектепке дейінгі жастағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дамытушы ортаның ерекшеліктері сияқты басты мәселелер талқыланды.
Вебинар соңында кері байланыс орнатылып, қатысушылар қызықтыратын сұрақтарына жауап алды.