Жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетудің заманауи технологиялары
18 наурыздан бастап арнайы және жалпы білім беретін мектептердің логопедтеріне арналған «Жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетудің заманауи технологиялары» біліктілігін арттыру курсы өткізіліп жатыр.
Біліктілікті арттыру курсының бағдарламасына сәйкес дәріс сабақтарында жазудағы бұзылыстарды түзету саласында мектептегі оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен принциптері ұсынылды.
Оқытушылар оқытудың жаңа технологияларын, үлестірмелі дидактикалық материалдарды кеңінен қолданады. Тәжірибелік сабақтарда тыңдаушыларға сұрақтар қойылып жаңа әдістер-тәсілдер ұсынылып, ұсынылған оқу материалдары талданды.
Практикалық сабақтарда қатысушылар логопедиялық тексеруді толыққанды жүргізу тәртібімен, сөйлеу картасын толтыру реттілігімен танысты; психологиялық-педагогикалық тексерудің қорытындылары негізінде жеке оқушыда дамытушы бағдарлама жасауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, мектептегі логопед-мұғалімнің жұмысының мазмұны, түзету үдерісіне қатысатын барлық мамандардың бірлескен жұмысы толық ашылды.