ППТК және ОО сурдопедагогтары мен логопедтеріне арналған біліктілікті арттыру курсы

  • 29.03.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 113

26 наурыздан бастап «Есту қабілеті бұзылыстары бар ерте жастағы және мектеп жасына дейінгі балаларға кохлеарлық имплантациядан кейін арнайы педагогикалық көмек көрсету» тақырыбы бойынша ППТК және ОО сурдопедагогтары мен логопедтеріне арналған курс өткізіліп жатыр.
Білім беру бағдарламасы ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұсынған түзете-дамытушылық оқытудың арнайы бағдарламасы шеңберінде кохлеарлық имплантациясы бар балаларға көмек көрсету бойынша мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған.
Курстың бастапқы кезеңінде тыңдаушылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар топтары мен білім беру қажеттіліктерінің түрлерін ажыратады. Сондай-ақ, олар сурдопедагогикалық және логопедиялық тексеру, кохлеарлы имплантациясы бар балалардың сөйлеу тілінің дамуын бағалау дағдыларын игеріп, жеке дамыту бағдарламаларын құруды үйреніп келеді.
Біліктілікті арттыру курстарын өткізу түрі – аралас. Zoom платформалары, электрондық пошта және басқа интернет ресурстары пайдаланылады. Курстық кезең барысында тыңдаушыларға әртүрлі тест тапсырмаларын орындау ұсынылады. Лекторлық құрам курстардың тақырыбына сәйкес қалыптастырылып, арнайы педагогика мен психологияның жетекші мамандары, сондай-ақ осы бағыт бойынша жетекші зерттеулер жүргізетін логопедтер, сурдопедагогтар тартылды. Курста барлық өңірлер мен қалалардың мамандары қамтылды.