Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күніне орай балалар ипподромға барды

  • 02.04.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 151

Бүгін Дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру  күніне орай балалар "Toi-Duman Horse Club" ипподромына барып, керемет әсер алды.Бүлдіршіндер атқа мініп, серуендеді. Сондай-ақ балаларға экскурсия жүргізіп, басқа жануарларды көрсетті. Мұндай мүмкіндікті иподром директоры Мұрат Қанатбайұлы Төлегенов қайырымдылық негізінде балаларымызға ұсынды. Біз оған және оның ұжымына үлкен алғысымызды білдіреміз. Орталық атынан жұмысыңызға сәттілік және мерейлі табыс тілейміз!
 
Сонымен қатар Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппаратына, атап айтқанда Нұртаева Индира Абзелгожаевнаға және Алматы ЭлектроТранс" ЖШС Токсанбаева А.А., Айменова А.С. қолдау көрсеткеніне ерекше алғысымызды білдіреміз!