Тырыспа ұстамасына алғашқы көмек көрсету
Осы сәтте ең бастысы – қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет:
-
- Баланы түзу, қауіпсіз жерге жатқызу;
-
- Таза ауаның келуін қамтамасыз ету;
-
- Киімді босату, шешу;
-
- Бастың астына жұмсақ нәрсе қою (қолыңыздағы заттарды орап салуға болады);
-
- Бір жағына қарай абайлап жатқызу;
-
- Айналасында өткір және қатты заттар болмауы керек.
❕Егер ұстама 5 минуттан кейін өтпесе немесе қайтадан орын алса, басы жарақаттанса, басқа жарақаттар болса немесе бала есін жинамаса, жедел жәрдем бригадасын шақыру қажет.
Бала есін жиғанға дейін жанында болу керек, оның туыстарына хабарласыңыз.