Біліктілікті арттыру курсы аяқталды
2024 жылдың 2 сәуірінде арнайы және жалпы білім беретін мектептердің логопедтеріне арналған «Жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетудің заманауи технологиялары» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Бағдарламаға сәйкес дәріс сабақтарында жазудың бұзылысын түзету саласындағы мектептегі оқыту жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен принциптері, ҚР-да және шетелде дисграфия мен дислексияға заманауи тәсілдер, ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің бұзылысын ауызша (логопедиялық аспект) айырмашылығы бастапқы кезеңде анықтау, жазуды қалыптастырудың психофизиологиялық негіздері, жазу бұзылыстарының ерекшеліктері, жазу және оқу бұзылыстары бар оқушыларды тексеру, ауызша және жазбаша сөйлеу тілі қабілетінің бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамалары, жазбаша тілдің бұзылысын түзету қағидалары, дисграфияның әртүрлі түрлеріндегі логопедиялық жұмыс әдістемесі, мектепке дейінгі жастағы оптикалық дисграфия туралы ақпарат берілді.
Курс соңында тыңдаушыларға әдістемелік материалдардың электрондық нұсқалары ұсынылды. Барлық тыңдаушыларға «Жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетудің заманауи технологиялары» тақырыбында білімді жетілдіру бойынша курстан өткенін растайтын сертификаттар табысталды.