ППТК және ОО сурдопедагогтары мен логопедтері біліктілігін арттырды
Бүгін ППТК және ОО сурдопедагогтары мен логопедтеріне арналған «Есту қабілетінің бұзылыстары бар ерте жастағы және мектеп жасына дейінгі балаларға кохлеарлық имплантациядан кейін арнайы педагогикалық көмек көрсету» тақырыбы бойынша оқыту аяқталды.
Курста алғаш рет арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми-қолданбалы зерттеулері шеңберінде ғылыми-эксперименттік жұмыс нәтижесінде әзірленген кохлеарлық импланты бар балалармен жеке түзете-дамыту жұмысының технологиясы баяндалды.
Курстардың білім беру бағдарламасы кохлеарлық имплантациядан кейін балаларға көмек көрсетуде арнайы педагогтардың кәсіби жұмысының сапасын арттыруға ықпал етеді.
Курс тыңдаушылары теориялық білім алып қана қоймай, кохлеарлық имплантациядан кейін балалармен одан әрі табысты және жемісті жұмыс істеу үшін өздерінің әдістемелік қоржынын толықтыруға мүмкіндік алды.