Педагогтер мен тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту
Білім беру жүйесі мамандарының міндеттерінің бірі - кәсіби шеберлікті арттыру. Педагогтер мен тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту – бұл мүгедектігі бар балаларға сапалы психологиялық-педагогикалық көмек көрсету болып табылады.
Осы аптада АИБД ҰҒПО күндізгі эксперименттік топтарының тәрбиешілерінде ашық сабақтар басталды. Әр тәрбиеші өз шеберлігімен бөлісіп, дидактикалық материалды дайындауда талантын және тәрбиеленушілердің жетістіктерін көрсетті.
Ашық сабақтарды өткізудің мақсаты – педагогтердің кәсібилігін арттыру және тәжірибе алмасу болып табылады.