Инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастырудың өзекті мәселелері
2024 жылдың 12 сәуірінде Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика және психология Институтының ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім беру ортасын ұйымдастырудың өзекті мәселелері» атты халықаралық онлайн конференция өтті. Іс-шараға Өзбекстан мемлекетінің мамандары қатысып, инклюзивті білім беру мәселелері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика және психология Институтының директоры п.ғ.к, доцент Абаева Галия Аскербековна конференцияда «Қазіргі жағдайда арнайы педагогтерді даярлау перспективасының жағдайы» тақырыбында сөз сөйледі.
Конференция барысында АИБД ҰҒПО директорының м.а. Байтурсынова Айгуль Аманжоловна инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін көтеріп, жаңа методологиялық әдіс-тәсілдермен бөлісіп баяндама оқыды.
«Халықаралық деңгейдегі семинарлардың өтуі өте маңызды деп санаймын. Мамандар өзара тәжірибе алмасып, ғылыми жаңалықтарымен бөлісуге және инклюзивті білім беру ортасын жетілдіруге өз септігін тигізеді» - деді А. Байтурсынова.