Қолдау қызметі мамандарына арналған біліктілікті арттыру курсы

  • 12.04.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 37

Жыл сайын бекітілген Білім беру бағдарламалары шеңберінде арнайы және инклюзивті білім беру жүйесінің психологиялық-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру мақсатында курстар өткізіледі. Осыған сәйкес АИБД ҰҒПО-да 2024 жылдың 8-18 сәуір аралығында қолдау қызметінің мамандары «Жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтіп жатыр. Мамандар теориялық және практикалық білімдерін кеңейтіп, курс оқытушыларынан ақпараттық қолдау алуда.
Алдағы уақытта «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларын бекіту туралы» №95 бұйрыққа сәйкес тыңдаушыларға олардың педагогикалық, зерттеу қызметіне әдістемелік, консультациялық көмек көрсетуде қолдау жүзеге асырылатын болады.