«Дағдыларды қалыптастыру»

  • 15.04.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 35

Ата-аналарға «Дағдыларды қалыптастыру» тақырыбындағы ұсыныстар Үйде ата-аналар балаға белгілі бір дағдыларды қалыптастыруға және қолдануға көмектесуі керек
 
- баланың әлеуметтік дамуында ата-аналардың күнделікті көмегі қажет;
- ата-аналардың көмегі баланың әдеттегі өмірінде максималды болуы керек және баланың белсенділігі мен қатысуын арттыруға ықпал етуі керек;
- отбасындағы баланың күнделікті өмірінің сапасын арттыру қажет;
- дағдыларды қалыптастыруда игеру нақты мерзім бойынша болуы керек (1 айдан 3 айға дейін);
- дағды қол жетімді нәтижеге ие болуы керек, тиімділік баланың физикалық жағдайына байланысты;
- дағдыны қалыптастыру кезінде әр қадам баланың мүмкіндігіне қарай және кезеңдерге сәйкес болуы керек;
- дағдыларды қалыптастыру баланың күн тәртібімен байланысты болу керек (тамақтану уақыты, гигиеналық процедура уақыты және т. б.);
- баланың дағдыларын қалыптастырудың әр кезеңінде эмоционалды қолдау мен мақтаудың әртүрлі тәсілдері мен әдістерін қолдануды ұмытпау қажет;
- баланы қызығушылық пен мотивация негізінде оқыту өте маңызды (мәжбүрлемеу);
- әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларды қалыптастыру алгоритмы: бала анасымен әрекетті орындайды, содан кейін біртіндеп ананың көмегі баланың басынан аяғына дейін өздігінен әрекет ететін деңгейге дейін азаяды.