Жалпы білім беру бағдарламасына функционалдық дағдыларды қосу
15-16.04.2024ж. «Дара» қайрымдылық қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласы Білім басқармасының «№4 арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында «Жалпы білім беру бағдарламасына функционалдық дағдыларды енгізу» Перкинс мектебінің 2 модулі бойынша оқыту өтіп жатыр.
Хорватия Республикасынан келген семинар спикері Кристиан Лейтон Соня Алимович қолданылатын бағалау құралдары және қоршаған ортаға бейімделудің маңыздылығы мәселелері бойынша сөз сөйледі. Сондай ақ Ирена Пэрис мінез-құлықты белсендіретін биологиялық, эмоционалды, әлеуметтік және когнитивті күштерді түсіну туралы айтты.
Іс-шараға АИБД ҰҒПО арнайы мектеп білім беру зертханасының маманы Ж.Б. Аханова «Көру, есту қабілеті бұзылысы бар балаларға бағдарлама құру» тақырыбы бойынша сөз сөйледі.