ППТК дегеніміз не?

  • 17.04.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 65

ППТК – толық атауы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті. ППТК жеке, топтық және кіші топтық сабақтар түрінде жеке дамыту және түзету-дамыту бағдарламаларын іске асыратын арнайы білім беру ұйымы болып табылады.  
 
Бала ППТК-ға түскен кезде оның ерекшеліктерін, сондай-ақ пәнаралық командалық бағалауды жүргізу қажеттілігін анықтау мақсатында баланы психологиялық-педагогикалық зерттеу жүргізіледі. 
  
❕ ППТК-да арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауды арнайы педагог (мұғалім-дефектолог, дефектолог, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, мұғалім-логопед (логопед)), педагог-психолог (психолог), ЕДШ нұсқаушысы жүзеге асырады.