Шектеуден тыс: аутизм жолындағы мүмкіндіктерді кеңейту
2024 жылдың 17-18 сәуір күні Астана қаласында «Болашақ» Корпоративтік қоры ұйымдастырған «Шектеуден тыс: аутизм жолындағы мүмкіндіктерді кеңейту» атты халықаралық конференция өтті.
Конференция бағдарламасы аутизмі бар балалар мен жасөспірімдерге қолданбалы мінез-құлық талдауы негізінде көмек көрсету мәселелеріне арналған. Басты шақырылған спикер – ВСВА-D, IBA деңгейіндегі мінез-құлықты талдаудың халықаралық сарапшысы Майкл Мюллер (халықаралық мінез-құлықты талдау ұйымының атқарушы директоры). Сондай-ақ шақырылған қонақ Николя Рейналь (Француз психомоторлық терапия федерациясы бас хатшысының орынбасары) болды. Спикер ретінде Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мінез-құлық талдауының халықаралық сарапшылар және Қазақстаннан келген сарапшылар да қатысты.
Конференцияға спикер ретінде біздің маман АИБД ҰҒПО оңалту және жаңа технологияларды енгізу бөлімінің басшысы Джангельдинова Зауре Болатовна шақырылды. Ол Қазақстанда алғаш рет әзірленген аутизмі бар балаларға арналған арнайы дамыту бағдарламасы негізінде аутизмі бар балаларды мемлекеттік қолдау туралы айтып берді.
ППТК мамандарымен кулуарлық қарым-қатынас аясында аутизмі бар балаларға көмек көрсету мәселелері талқыланып, балаға көмек көрсетудің нақты қағидалары қарастырылды.