Арнайы мектептердің қазақ тілі мұғалімдеріне арналған курсы
15 сәуірден бастап АИБД ҰҒПО-да арнайы мектептердің қазақ тілі мұғалімдеріне арналған ««Қазақ тілі» пәнін зиятында бұзылыстары бар балаларға оқыту ерекшеліктері мен өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша зиятында бұзылыстары бар балалардың арнайы мектептердің қазақ тілі мұғалімдері оқытыла бастады.
Біліктілікті арттыру курсының мақсаты: мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту және жетілдіру, «Қазақ тілі» яғни зиятында бұзылыстары бар балаларды оқыту бойынша арнайы педагогтердің таным-көкжиегін кеңейту.
Оқытудың бірінші аптасы білім беру саласындағы халықаралық құжаттар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу және оқыту процесінде қолданылатын заңнама нормалары және ҚР заңдарының ішінде актілері туралы білімнің теориялық жаңартуларынан басталды. Дәріскерлер арнайы білім беру ұйымдары жағдайында мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу процесінде тілдік пәндер бойынша мәселені, сондай-ақ курс тыңдаушыларын түзете-білім беру процесінің технологияларын түсінуге және қолдануға бағдарлауды қарастырды.