18 сәуірде АИБД ҰҒПО-да жалпы білім беретін мектептерді психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарына арналған біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды

  • 22.04.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 107

Курста ҚР заңнамалық актілерінде арнайы және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар айтылды. Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау мәселелері анықталды.
 
✅Тәжірибелік сабақтар барысында дамыту жұмысының жеке бағдарламаларын, жеке оқу бағдарламаларын құру үдерісінде командалық өзара әрекеттестік дағдыларын қалыптастыруға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған оқу бағдарламаларын бейімдеуге және іске асыруға ерекше назар аударылды.