Жалпы мектепте зиятында бұзылыстары бар балаларға арнайы сынып ашу

  • 23.04.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 96

- Жанбота Бақтыбековна, қазрігі таңда инклюзивті білім беру аясында қандай жобалар өзекті?
- Инклюзивті білім беру аясында Алматы қаласының №116 жалпы мектебінде зиятында бұзылыстары бар балаларға арнайы сынып ашу бойынша пилоттық жоба жұмысы жалғасуда. Қазіргі таңда балалардың оқудағы қиындықтарын анықтау бойынша педагогикалық диагностика нәтижелері сарапталып, жеке бағдарлама құру кезеңдері талқылануда. 
- Осы жобаға қандай мамандар қатысып жатыр?
- Үрдіске мектептің психологиялық-педагогикалық қолдау әдіскері, педагог-дефектологтар және АИБД ҰҒПО әдіскерлері қатысуда.