Орталық мамандары білім беру мектебінің қызметімен танысты

  • 23.04.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 26

2024 жылдың 23 сәуір күні АИБД ҰҒПО директорының м.а. А. Байтурсынова және орталық мамандары Ж. Аханова мен А. Байбулатова Алматы қаласының  ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін «Insight» жеке мектебінің қызметімен танысты. 
Кездесудің негізгі мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамыту бойынша жұмыс туралы ақпаратпен қамту және тәжірибемен бөлісу болып табылады. 
Мектептің оқу-әдістемелік ісі жөніндегі директоры Н. Александров және «Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы» қоғамдық қорының құрылтайшылары С. Мурзалинова-Яковлева мен Л. Турегельдиева мектептің қызметі туралы айтып берді. 
Кездесу барысында мамандар мектептің оқу-тәрбие үдерісімен, мектептің құжаттамасымен, сондай-ақ педагогтер мен білім алушылардың жұмысымен танысты.
Орталық арнайы мектептерге толықтай әдістемелік көмек көрсетуге дайындығын білдірді.