Мүмкіндіктер уақыты...

  • 24.04.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 108

АИБД ҰҒПО мамандарының қатысуымен 23 сәуір күні «Мүмкіндіктер уақыты: ерте жастағы (үш жасқа дейінгі) мүмкіндігі шектеулі балалардың тәуекел тобындағы балаларды ерте қолдау қызметтерін құру»  тақырыбында онлайн форматта конференция өтті. 
 
Конференцияның қатысушылары: ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Арнайы және инклюзивті  білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ, «Шеврон Қазақстан» компаниясы, Білім басқармасы, 17 ППТК, «Дара» қорының өкілдері.
 
Нақтырақ айта кетсек, инклюзивті және арнайы білім беру Департаментінің директоры Л. Бутабаева, «Шеврон Қазақстан» компанияның қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестіруші Ж. Кошпанова және «Дара» қорының жобалары мен бағдарламаларының директоры М. Шешембекова алғы сөз сөйледі. Ал АИБД ҰҒПО тарапынан оңалту және жаңа технологияларды енгізу бөлімінің жетекшісі З. Джангельдинова қатысты. 
 
Конференция соңында мамандар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.