Курс тыңдаушыларына арналған №7 арнайы мектеп-интернатындағы семинар
АИБД ҰҒПО-да өтіп жатқан біліктілікті арттыру курсы аясында «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де «Қазақ тілі мен әдібиеті пәндерінің зиятында бұзылыстары бар балаларға оқыту әдістемелері мен ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.
Іс-шараға «Қазақ тілі» пәннің зиятында бұзылыстары бар балаларға оқыту әдістемелері мен ерекшеліктері» біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары, АИБД ҰҒПО мамандары қатысты.
Практикалық бөлімде тыңдаушылар мен мамандарға жеке логопедиялық сабақтар және ашық сабақтар бойынша шолу жасалып, қатысушылар пікір алмасты. Практикалық бөлімінің соңында мектеп бойынша экскурсия жүргізілді. Семинардың теориялық бөлімінде филология ғылымдарының кандидаты, доцент, заңгер, «Азамат әлеуеті» Жеке қайырымдылық қорының президенті А. Сейсенова алғы сөз сөйледі. №7 арнайы мектеп-интеранатының директоры К. Токсамбаева оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы туралы айтып берді.
Іс-шараның аяқталу барысында педагогтер психологиялық тренингке белсенді қатысып, концертте балалардың өнерлерін тамашалады.