Арнайы мектептердің қазақ тілі педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аяқталды

  • 26.04.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 114

25 сәуірде АИБД ҰҒПО РММ-де «"Қазақ тілі" пәнінің зиятында бұзылыстары бар балаларға оқыту әдістемелері мен ерекшеліктері» тақырыбында арнайы мектептердің қазақ тілі мұғалімдерін оқыту курсы аяқталды.
Оқытушылар курс тыңдаушыларына білім беру бағдарламасының мазмұнына, оқыту деңгейіне қойылатын заманауи талаптарға және оқытудың жаңа әдістері мен технологияларына сәйкес оқыту жүргізді. Сондай-ақ материалды сапалы меңгеруді және тиісті тақырып бойынша дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етті.
Қорытынды практикалық оқу апталығы барысында курс тыңдаушылары «№7 арнайы мектеп-интернаты», «№6 арнайы мектеп-интернаты», «"Жанұя" мамандандырылған кешені» КММ мамандарының ашық сабақтарына қатысты. Мектеп-интернаттардың жабдықтармен жабдықталуы, көрнекі-дидактикалық материалдардың алуан түрлілігі тыңдаушыларды қуантты. Тыңдаушылар курс барысында және мектептерде практикалық сабақтар бойынша пікір алмасып, өз материалдарымен, құжаттамаларымен, бейнематериалдарымен дидактикалық материалдармен бөлісті. 
Барлық тыңдаушыларға білімді жетілдіру курсынан өткенін растайтын сертификаттар табысталды.