Медициналық-әлеуметтік мекемелердің мамандарына арналған жұмыс отырысы өтті
26 сәуір күні «Медициналық-әлеуметтік мекемелеріндегі зиятында бұзылыстары бар балалармен жұмыс жасайтын педагогтер қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздері» пилоттық жобасы аясында «Медициналық-әлеуметтік мекемелердің арнайы мамандардың зиятында бұзылысы бар балалармен жұмыс барысындағы өзекті мәселелер және олардың шешім жолдары» атты тақырыпта жұмыс отырысы өтті.
Жұмыс барысында елімізде 29293 зиятында бұзылыстары бар бала психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесінен өткен, оның ішінде зиятында орташа түрдегі бұзылыстары бар балалар саны 6999 жеткені туралы аналитикалық талдау жасалды. Бұл ақпараттарды Орталықтың логопед-дефектолог-әдіскері Ж.Т. Естемесова өзінің баяндамасында атап өтті.
Сонымен қатар медициналық әлеуметтік мекемелердің басшылары, әдіскерлері, арнайы педагогтары (дефектологтар, логопедтер, психологтар, тәрбиешілер, емдік дене шынықтыру тренерлері, еңбек терапевттері және т.б) мамандар да қатысты.
Атап өтерлігі, курстар бойынша тақырыптардың қажеттілігі анықталды:
- МӘМ жұмыс ерекшеліктері туралы 11,5%;
- зиятында бұзылыстары бар балалармен жұмыс әдістері туралы 61,5%;
- инновациялық әдістер жайлы 46,5%;
- қайта даярлау курстары 13,5%;
- ауыр түрдегі зиятында бұзылыстары бар балалармен жұмыс әдістері туралы 3,3%;
- логопедтерге арналған курстар 1,1%;
- аутистік спектрдің бұзылыстары бар балалармен жұмыс ерекшеліктері туралы курстар 1,1%;
- инклюзивті білім беру туралы 1,1%.