АИБД ҰҒПО-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» тақырыбында семинары өтті
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы №112 бұйрығына сәйкес квазимемлекеттік сектордың әрбір мекемесінде болу тиіс.
2024 жылдың 01 ақпанында басшының бұйрығымен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің АИБД ҰҒПО РММ штат кестесіне комплаенс-офицер лауазымы енгізілді.
❕Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің негізгі міндеті – ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ел заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
⏳Қазіргі уақытта орталықтың www.special-edu.kz сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімінде келесі ережелер әзірленіп, салынды:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс туралы ереже;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары;
- Орталық қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық;
- Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты;
Корпоративтік этика кодексі.