Аутисттік спектірдегі бұзылыстары бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері

  • 03.05.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 103

Бала сөйлеу тілі дамуының тежелістері түрлі себептерден болуы мүмкін. Баланың сөйлеу тілі дер кезінде шықпауы, түсінігінің қалыптаспауы, айтқан сөзге көңіл бөлмеуі, оның дамуында аутисттік спектрдің бұзылыстары бар екенін дәлелдемейді. 
      
   Аутисттік спектрдегі бұзылыс болған жағдайда сөйлеу тілінің дамуының келесі ерекшеліктері байқалады.
Баланың өзінің эмоцияларын,  қалауын, өтінішін, бір нәрсеге көзқарасын білдіру үшін басқа құралдарын пайдаланбайды (былдырлау, мимика, интонация, ым-ишара, пантомима). 
Ол жақындарына ерекше тәсіл арқылы жүгінеді (әдетте үлкен адамның қолын механикалық түрде қолданады).
Ол жақындарының іс-әрекетіне еліктемейді.
Айналасындағы адамдардың әлеуметтік реакцияларын алуға ұмтылмайды (құшағына алғанды, жымиып күлгенді, мақтағанды күтпейді).
Бала теледидардан немесе басқа жерден естіген сөздерді, сөзтіркестерді естіп айтып жүреді, бірақ оларды сөйлесу үшін қолданбайды. 
18-24 ай жас шамасында сөйлеу тілдерінде регресс байқалады. Бұрын айтып жүрген сөздері біртіндеп жоқ бола бастайды.
    
Баланың дамуына алаңдаған ата-аналар мамандарға жүгінулері қажет!