«Біздің таланттар» музыкалық-шығармашылық байқауының 2 кезеңі басталды

  • 03.05.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 62

2024 жылдың 2 мамыр айынан бастап «Біздің таланттар» музыкалық-шығармашылық байқауының екінші кезеңі басталды. Аталмыш  кезеңде бірінші іріктеуде  1 орын алған және сәтті өткен қатысушылардың ұсынылған материалдарына іріктеу жүргізіледі.
 
Байқаудың  бірінші іріктеу кезеңі әр өңірде облыстық/қалалық деңгейде өтіп, «Біздің таланттар» байқауының екінші финалдық, республикалық кезеңіне қатысу үшін ұсынылатын жеңімпаздар анықталды.
 
«Біздің таланттар» – ЕБҚ бар балалар арасында өз шығармашылығын паш етуге тамаша мүмкіндік береді. Арнайы білім беру жүйесінің басым бағыты жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады.