Халықаралық сарапшылар, мамандар тәжірибе алмасуда
14.05.2024
ННПЦ РСИО
123
АИБД ҰҒПО және ӘБЕО орталығының ұйымдастыруымен 13 мамыр күні «Ауыр мүгедектіктің алдын алу және азайту үшін мүгедектігі бар балалар мен жастарды физикалық және әлеуметтік оңалтудың заманауи тәсілі» тақырыбында семинар-практикум өтуде.
Семинар денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау жүйесінің оңалту орталықтарының басшылары мен мамандарына, ауыр қозғалыс бұзылыстары бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға да арналған.
Баяндамашы хирургиялық емес бейінді травматолог-ортопед дәрігері, балалар нейроортопедиясы, балалар нейрооңалту, жеке ортездеу, оңалтудың техникалық құралдарын жеке таңдау және баптау бойынша маман А.С. Калачев спикер ретінде «Қозғалыс мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеудің заманауи тәжірибесі» сынды бірнеше тақырыптар да өзекті мәселелерді қозғады.
Ал «Қазіргі заманғы қозғалыс оңалту принциптерінің теориялық аспектілері, оның ішінде постуральды менеджмент», «Қозғалыс оңалту және ортопедиялық режим негіздері, ата-аналармен өзара әрекеттесу, олардың оңалту процесіндегі рөлі» бойынша ТМД елдеріндегі MOVE халықаралық бағдарламасының кураторы – Наталья Геннадьевна Кушваха сөз сөйледі.
Ертең ортопедиялық асқынулардың алдын алуды талқылау, көпфункционалды позициялық жабдықты талдау және шолу, ТОҚ ұсынымы бойынша практикалық аспектілерді қарастыру және қозғалыс деңгейін, пациенттің функционалдық қабілеттерін бағалай отырып, мастер-класстар өткізу және т.б. жоспарлануда.