Орталық екікүндік халықаралық семинар-практикум өткізді
15.05.2024
ННПЦ РСИО
118
14 мамыр күні Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы және ӘБЕО орталығының ұйымдастыруымен «Ауыр мүгедектіктің алдын алу және азайту үшін мүгедектігі бар балалар мен жастарды физикалық және әлеуметтік оңалтудың заманауи тәсілі» тақырыбындағы екі күндік семинар-практикум аяқталды.
Іс-шара мүгедектігі бар адамдармен жұмыс тиімділігін арттыруға, ауыр қозғалыс бұзылыстары бар балаларды оңалтудың заманауи әлемдік қағидаттарын қолдануға және т.б. бағытталды.
Травматолог-ортопед дәрігері А.С. Калачев және ТМД елдеріндегі MOVE халықаралық бағдарламасының кураторы Н.Г. Кушваха денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау жүйесінің оңалту орталықтарының басшылары мен мамандарымен өз тәжірибелерімен бөлісті.