Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқыту…
2024 жылдың мамыр айының 15-нде Қызылорда облыстық Білім басқармасының «Қызылорда облыстық оқу орталығы» және «ORDA» жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді оқыту үшін оқу құралдары мен дидактикалық кешендерді дайындау мәселелері» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
Конференцияға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Таlap» КЕАҚ, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық-ғылыми практикалық орталығының өкілдері, Германиядан келген SeniorExperten Service халықаралық эксперті, ТМД елдерінің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері және т.б. мамандар қатысты. Шара онлайн және офлайн форматта өткізілді.
Шара барысында ЕББҚ бар тұлғаларға техникалық және кәсіптік білім беру үдерісі, инклюзивті білім беру, оқу-тәрбие процесін педагогикалық-психологиялық қолдауды ұйымдастыру, т.б. өзекті мәселелер талқыланды.
АИБД ҰҒПО аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, заңгер Сейсенова А.Д. онлайн түрде қатысып, «Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар студенттерді оқыту барысында Қазақстандық заңнама және халықаралық құжаттардың негізгі қағидаттарын орындау жағдайы» тақырыбында баяндама жасады.