Арнайы білім беру ұйымдарының ЕДШ нұсқаушылары мен дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы

  • 17.05.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 59

13 мамырдан бастап АИБД ҰҒПО-да арнайы білім беру ұйымдарының ЕДШ нұсқаушылары, дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған «Балалардың қозғалыс бұзылыстарын кешенді оңалту әдістері» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр. Курстың мазмұны тыңдаушылардың теориялық және практикалық дайындығын қамтиды. 
Біліктілікті арттыру бағдарламасының мақсаты – тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар балаларға арналған ППТК және мектеп-интернаттарында ЕББҚ бар балаларды кешенді оңалтудың әдіснамалық, технологиялық және әдістемелік аспектілері саласындағы тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерін, соның ішінде мамандардың ата-аналармен үйде белгілі бір дағдыларды оқыту бойынша ынтымақтастығын дамыту болып табылады.
Теориялық бөлімнің негізгі міндеттері: клиникалық сипаттамасы, бұзылу сипаты және церебральды сал ауруындағы қозғалыс дамуының ерекшелігі; спастика, гемипарез, тетрапарез, гемиплегия, атаксия, атетоз және аралас формалардағы емдеу-оңалту процесі; денені ұстап тұру және релаксация үшін судың қасиеттерін пайдалану; оңалту жабдықтарын пайдалану; емдік массаж негіздері, көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер.