ППТК және оңалту орталықтарының арнайы педагогтерін оқыту

  • 17.05.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 58

АИБД ҰҒПО РММ-де 13 мамырдан бастап «Мектеп жасына дейінгі зиятында бұзылыстары бар балаларға арнайы педагогикалық көмек көрсету» тақырыбында ППТК және ОО арнайы педагогтеріне (дефектологтары) оқыту жүргізілуде.
ППТК және ОО арнайы педагогтері (дефектологтары) үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізудің өзектілігі мен қажеттілігі – ұйымдардың түзету-педагогикалық жұмысының, оқу жоспары бойынша жеке-дамыту жұмысының ерекшелігіне, сондай-ақ ППТК мен ОО-да зиятында бұзылыстары бар балалардың басым болуына байланысты. 
Әр сабақ мақсаттары мен міндеттері бар жаңа, көлемді материалдарға толы. Курстық даярлықтың білім беру бағдарламасы шеңберінде теориялық бөлім ерекше білім беру қажеттіліктерін айқындау және арнайы педагогикалық көмек көрсету бойынша кәсіптік қызметті ұйымдастыру кезінде білім беру саласындағы ҚР заңдар мен заңға тәуелді актілерінің нормаларын білуді пайдалану жөніндегі мемлекеттік саясат мәселелерін қамтиды.