ПМПК қызметіндегі мәселелерді шешу жолдары көрсетілуде
АИБД ҰҒПО ДКБ бөлімінің мамандарының іссапардағы бірінші күнінде «ПМПК қызметінің өзекті бағыттары: мәселелері және шешу жолдары» атты тақырыпта Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгер қаласында Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен республикалық дөңгелек үстел өтті.
Басты мақсаты:
-ПМПК мамандарының күнделікті қызметінде кездесетін мәселелерді алдын алу және шешу жолдарын талқылау;
- Пәнаралық модельдің түрі, консультацияның мақсаттары, принциптері мен әдістері, консультациялық қабылдаудың стратегиясы мен тактикасы бойынша топтық жұмыс принциптеріне қатысты білімін жетілдіріп, кәсіби құзыреттілігін арттыру;
Жиында ДКБ бөлімінің жетекшісі Керимбекова Т.Н. «ПМПК қызметінің өзекті бағыттары: мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында баяндама оқыды. Орталықтың ДКБ бөлімінің әдіскері мен дәрігер-неврологы да маңызды аспектілерді қозғап, баяндама жасады.