ПМПК қызметіндегі мәселелерді шешу жолдары көрсетілуде
Түркістан облысына сапар барысында ПМПК қызметінің жағдайын зерттеу, проблемаларды талдау және консультативтік-әдістемелік қолдау мақсатында АИБД ҰҒПО диагностика және кеңес беру бөлімінің мамандары өңірдің 10 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясына барды.
Іссапар барысында ПМПК мамандардың жұмысына таныстыру жүргізілді. Күнделікті қызметте кездесетін мәселелермен әріптестеріне әдістемелік және консультациялық көмек көрсетілді.