Қазақстандағы ерте жастағы балалардың дамуын талқылау
2024 жылдың 23 мамырында Астана қаласында АИБД ҰҒПО оңалту және жаңа технологияларды енгізу бөлімінің жетекшісі З.Б. Джангельдинова ведомствоаралық жұмыс тобының IV отырысына қатысты.
Төртінші отырыстың мақсаты – іс-қимыл жоспарын іске асыруды талқылау, оның ішінде Қазақстанда ерте жастағы балалардың даму мониторингіне қатысты ата-аналардың көзқарасы мен практикасының өзгеруіне мониторинг жүргізу жөніндегі нұсқаулықты ұсыну болып табылады.
Отырысқа Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, ДСМ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің балаларды ерте дамыту институты және басқа да үкіметтік емес ұйымдардан ведомствоаралық жұмыс тобының қатысушылары шақырылды.
Қатысушылар жас балаларды дамытудың өзекті мәселелерін, ҚР Оқу-ағарту министрлігі, арнайы білім беру және үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттестік міндеттерін, сондай-ақ 0-7 жастағы балалармен жұмыс істейтін мамандарға арналған оқыту модульдерін талқылады.