Біздің Орталықтың ЕДШ мамандары балалардың қозғалыс бұзылыстарын кешенді оңалту бойынша біліктілікті арттыру курсын өткізді

  • 24.05.2024
  • ННПЦ РСИО
  • 62

«Балалардың қозғалыс бұзылыстарын кешенді оңалту әдістері» тақырыбы бойынша 13-23 мамыр аралығында АИБД ҰҒПО-да арнайы білім беру ұйымдарының ЕДШ нұсқаушылары, дене шынықтыру мұғалімдері үшін біліктілікті арттыру курсы өтті. 
 
Практикалық сабақтар да тыңдаушыларға бұлшықеттерді нығайтуға, босаңсытуға, патологиялық рефлекстерді азайту тәсілдеріне, гиперкинездерді сөндіруге бағытталған жаттығулар кешені көрсетілді. Орталығымыздың тәжірибелі нұсқаушылары сабақ барысында бейнематериалдарды ұсынды. Мәселен, құжаттаманы жүргізу, жеке дамыту бағдарламасын жасау бойынша жұмыс көрсетілді.
 
Қатысушылар курс соңында білім беру үдерісіндегі емдік дене шынықтыру әдістерімен мүмкіндіктері туралы жеке әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға, кураторға және барлық педагогтарға алғыстарын білдірді.