Арнайы педагогтер зиятында бұзылыстары бар мектепке дейінгі жастағы балаларға педагогикалық көмек көрсету бойынша практикалық сабақтардан өтті
24.05.2024
ННПЦ РСИО
144
АИБД ҰҒПО-да 13-23 мамыр аралығында «Мектеп жасына дейінгі зиятында бұзылыстары бар балаларға арнайы педагогикалық көмек көрсету» тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарының арнайы педагогтары (дефектологтары) үшін біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.
Практикалық сабақтар да құжаттаманы жүргізу, арнайы, жеке-дамыту және түзете-дамыту бағдарламаларын жасау бойынша жұмыстар көрсетіліп, педагогикалық тексеруге қойылатын талаптар айқындалды. Сондай-ақ зиятында бұзылыстары бар ерте жастағы және мектеп жасына дейінгі балаларды тексерудің мазмұны мен тәртібімен таныстырды.
Курс қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өткізіліп, тыңдаушылар тәжірибелі оқытушылардың кеңестерін тыңдады. Коммуникативті, сенсомоторлы, танымдық, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, балалар іс-әрекетінің жетекші және басқа түрлерін дамыту, іс-әрекет пен мінез-құлықты ерікті реттеу бойынша зиятында бұзылыстары бар балалармен түзете-дамыту жұмыстарының әдістері-тәсілдері туралы пікір алмасты.