Алматы қаласының Наурызбай ауданы мен Алатау ауданының ПМПК қызметінің мониторингі бойынша жұмыстары
29 мамыр күні Орталықтың диагностика және кеңес беру бөлімінің мамандары Алматы қаласының «Алатау ауданының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ және «Наурызбай ауданының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ-на қызметтік іссапарда мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Керимбекова Т.Н., Устинова Е.А., Кеслер Н.В. ПМПК мамандарының сұрақтарына жауап беріп, балаларды кешенді тексеруге қатысты, сондай-ақ әдістемелік көмек көрсетті.